6 | Жалпы сипаттамалар | Кешкі мектеп– түрлі себеппен орта мектепті дер кезінде бітіре алмаған адамдарға өндірістен қол үзбестен жалпы орта білім алуға мүмкіндік беретін оқу орны. Мектеп өзінің қызметінде жалпы орта білім беретін мектеп жарғысы мен кешкі (ауысымдық) жалпы білім беретін мектеп туралы ережені басшылыққа алып отырады. Кешкі мектеп құрамында 7 – 11-сыныптар бар. Оқу жылының ұзақтығы – 34 оқу аптасы, оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады. Оқуға қабылдану және оқушыларға берілетін қосымша жеңілдіктер арнайы белгіленген ережеге сай іске асырылды. |